- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда қызға пышақпен...
Алматыда қызға пышақпен шабуылдаған тұрғынның ісі: оқиғаның жай-жапсары
Алматының Наурызбай ауданында пышақ ұстаған ер адам әйелге неге шабуыл жасағаны белгілі болды. Жәбірленушінің әпкесі бәрі қызғаныштан басталғанын айтты, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
"Мен шындықты білемін. Ол бұған дейін де қорқытып жүрді, біз арыз жаздық, тіпті мен де жаздым. Ол қорқытып, "сен менікі боласың немесе ешкімдікі болмайсың" деді. "Мен сені жарып өлтіремін, ал ұлым өседі, ол түсінеді" деді. Бұл қызғаныш болатын, ол тіпті қызғаныш емес еді, психикалық ауру. Ол жұмыстан келіп, бірнеше рет такси жүргізушілеріне шабуыл жасап, оларды соққыға жыққан кездер болды", - деді жәбірленушінің әпкесі Наргиз Сакиева.
Сондай-ақ, ол кейбір алаяқтар отбасының қайғысынан ақша тапқысы келетінін айтты. Белгісіз біреулер оның атынан ақша жинау шарасын ұйымдастырып, қате мәлімет көрсеткен. Сондықтан қазақстандықтарды қырағы болуға шақырды. Ол полицияға баруға ниетті.
Айта кетейік, Алматыда пышақ ұстаған ер адам әйелге шабуыл жасаған болатын. Оқиға Алматының Наурызбай ауданында болған. Куәгерлердің бірі көршісі әйеліне 11 рет пышақ сұққанын хабарлаған. Себебі әйел оған баласын көрсеткісі келмеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Ж. Қадыржанова