Алматыда қызды пышақпен қорқытып зорлаған бар күзетшісі сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ер адам 8 жыл 1 айға сотталды.
2023 жылдың қарашасында алматылық Ұлжан есімді қыз бар күзетшісі оны зорлағанын айтып, видеоүндеу жасаған болатын. Алматылықтың сөзінше, ер адам оны пышақпен қорқытқан.
Жәбірленуші полицияға жүгінгенімен тәртіп сақшылары қыздың өзіне қысым көрсете бастаған. Осылайша Ұлжан мемлекет басшысына видеоүндеу жариялауға мәжбүр болған еді.
29 қарашада күдікті ұсталды. Сонымен қатар, ер адамға ұрлық жасады деген айып та тағылды. Сот отырыстары биыл ақпанда басталды. Отырыс жабық режимде өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!