- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда қызды алып...
Алматыда қызды алып қашқан: жәбірленуші оқиғаның мән-жайын айтты
Алматы қаласы Полиция департаменті қызды ұрлау дерегі бойынша тергеудің басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Бүгін біздің бөлімшеге А. есімді азаматша келіп, арыз жазды. Аталған дерек тіркелді және тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар қызға алғашқы іс жүргізуде "көлікке өз еркімен отырғанын, ауылдастарына ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, ішкі істер органдарын неліктен адастырғаны" туралы сұрақ қойылды. Ол достарына сенгендігін айтты. Оқиғаға қатысушылар анықталды, олардың әрқайсысының әрекетіне түбегейлі баға берілетін болады", - деді Алмалы ауданы ПБ бастығы Есен Ысқақов.
Жәбірленушінің айтуынша, қыз оларға сеніп, көлікке отырған.
"Олар мені үйге апарып тастауы керек еді, бірақ олар қайтадан басқа бағытқа бұрылды. Осыдан кейін оның ата-анасынан мені үйге қайтарсын деген қоңыраулар түсе бастады. Мені тұратын мекенжайым бойынша үйіме әкелді. Жалпы, мен арыз жазғым келмеді, мен тек олардан: "Мені жайыма қалдырыңдар, мен сендерге тиіспеймін" дедім" - деді қыз.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда қыз алып қашу сәтінің видеосы тараған болатын. Авторлары - жағдайға немқұрайды қарамаған алматылықтар белгісіз ер адамдар қызды көлікке күшпен отырғызғанын айтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина