Алматыда қыздар арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға "Азия Парк" сауда орталығының маңында болған.
Кадрда ер адамның жас қыздарды ажыратпақ болғанын көруге болады. Жанжалдың салдарынан олардың бірі аяқ киімін жоғалтып алған.
Мұның соңы қалай аяқталғаны айтылмаған.
Қазір полицейлер төбелескендердің жеке басын анықтап жатыр.
"Аталған факті бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен қатысушылары анықталып жатыр. Олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!