Алматыда қызбен танысуға барғандар сан соғып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция интернеттегі таныстық қылмысқа әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.
"Қыз жігітпен кездесуге келісіп, екеуі пәтерге барады. Алайда көп ұзамай бейтаныс адамдар келіп, қыздың ағалары екенін айтады. Артынша қорқыту, ақша бопсалау, тонау басталады. Осылайша, романтикалық кездесу тұзаққа айналады. Алматыда мұндай жолмен адамдарды тонаумен айналысқан бірнеше қылмыстық топ әшкереленді. Жыл басынан бері осындай төрт топ анықталып, оның мүшелері ұсталып, сотталды", - деп жазылған хабарламада.
Дегенмен осыған ұқсас жаңа деректер де тіркелген. Полиция интернеттегі қарапайым хат алмасудың артында жоспарланған қылмыс тұруы мүмкін екенін ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!