Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы студенттің қазасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл шілдеде Алматыда қыз 14-қабаттан құлады. Полиция бұл деректі растады, бірақ оқиға қай ғимаратта болғанын нақтыламады. Сонымен қатар, қайтыс болған адамның жеке басын ашып айтпады.
Кейбір мәліметтер бойынша қыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курсында оқыған. Ол оқу орнының ғимаратынан секіріп кеткен деген де болжам бар.
"ҚазҰУ-да болған қайғылы оқиғаны тергеу органдары әлі де тергеп жатыр. Сот шешімдері немесе қорытындылар шығарылғанға дейін бұл отбасылық, ішкі қайғылы жағдай болды деп айта аламын", - деді Саясат Нұрбек Үкіметте өткен брифингте.
Министр "Суицидке дейін жеткізу" бабы бойынша іс қозғау мәселесі құқық қорғау органдарының құзырында екенін мәлімдеді.
"Бұл - университетпен де, оқу үдерісімен де байланысты емес, ішкі отбасылық трагедия. Жақында ақпарат ресми түрде ұсынылады", - деп сендірді министр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова