- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда қыз 18-қабаттан...
Алматыда қыз 18-қабаттан секіріп кетті деген ақпарат тарады
Алматыда қыз көпқабатты үйдің жоғары қабатынан құлап, өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты Полиция департаменті өкілі пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға Алматыдағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде болғаны айтылды.
"Манхэттенде" 19 жастағы қыз 18-қабаттан суицид жасады", – деді дереккөз Massaget.kz-ке.
Енді бір деректерде қыз 14-қабаттың терезесінен секіргені туралы ақпарат тарады.
Алматы қаласы Полиция департаментінің жауабына сүйенсек, бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғаған.
"Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – деп жазылған Алматы Полиция департаментінің жауабында.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты қаза тапқаны хабарланды. Кейінірек Almaty Management University студенті қаза тапты.
Ал Бас прокурор Берік Асылов кейінгі кезде жиілеп кеткен суицид мәселесіне қатысты пікір білдіріп, 15 мың сайт бұғатталғанын мәлімдеді.
Суицидке қандай балалар бейім? Психолог жауабы
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова