8 сәуірде Алматыда қыз көп қабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Қыз 18-қабаттан құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша марқұм 20 жаста болған.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғаған.
"Қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – деді полиция өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова