Алматыда қыз 12-қабаттан құлап мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы Полиция департаменті жағдайға пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. 24 жастағы қыздың қаза болу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда қыз 18-қабаттан құлап қаза тапқаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз