- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда қыркүйекке дейін...
Алматыда қыркүйекке дейін бір көше жабылады
Алматыда Жүргенов көшесіндегі учаскеде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
8 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Медеу ауданында Жүргенов көшесі бойынша Жетісу көшесі арқылы Тянь-Шань көшесіне дейін Жангелдин көшесінен автокөлік қозғалысы жабылады.
Қозғалыс екі жаққа да жабылады.
"1988 жылдан бастап пайдалануға берілген, осы көшенің астынан өтетін ұзындығы 695 метр құбырды реконструкциялау учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл құбыр 18 көппәтерлі тұрғын үйді, 61 жеке үйді, 1 балабақшаны, 1 мектепті және 13 өзге де нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Тұтынушлар реконструкция кезінде ыстық сумен қамтамасыз етіледі", - деп жазылған хабарламада.
Әкімдік өкілдері тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жоспарын алдын ала қарастыруды сұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова