Алматыда Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 3 қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.
Лауазымды адамдар ҚР Қылмыстық кодексінің 361 (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану), 362 (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) және 366 (Пара алу)-баптарында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасады деген күдікке ілінді.
Сот санкциясымен 3 қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге болмайды.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!