- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда қылмыскер тергеу...
Алматыда қылмыскер тергеу изоляторынан қашып кеткен
Алматыда ЛА-155/18 мекемесінен қылмыскер қашып кеткен. Полиция қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Криминалдық полиция басқармасы мен Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарасу ықшам ауданындағы Солтүстік айналма көшесі бойында қашқын ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қашу дерегі соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 426-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.
Айта кетейік, қылмыскер биыл қыркүйекте Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен адам өлтіру дерегі бойынша 10 жылға сотталған. Қашу дерегі бойынша ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметкерлерге қатысты тексеру жүргізіп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина