- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
Алматыда қылмыскер ерлі-зайыптыны атып кеткен
Полиция департаменті 20 желтоқсанда Алматы аудандарының бірінде атыс болғанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі buginmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 20 желтоқсан күні таңертең Nef Uptown тұрғын үй кешенінде болды. Белгісіз ер адам элиталық үйдегі пәтерлердің бірін тонамақ болған. Бетперде киген адам өзін электрик ретінде таныстырып, есікті ашуды өтінген. Ал ашқан кезде ерлі-зайыптыға қарумен оқ атқан. Қарақшы полиция келгенге дейін жасырынып үлгерді.
Пәтер иелері аман қалды. Күдікті әлі іздестіріліп жатыр.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факты бойынша Наурызбай ауданының полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина