Алматыда "қылмыс әлемінің серкесі" ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2 ақпанда Алматыда ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық ортаның өкілі - Т.-ны ұстаған.
ҰҚК мәліметінше, ол аса ірі көлемде қорқытып алу дерегіне байланысты күдікке ілінген.

"Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы іс аясында қаңтарда Шымкент қаласында оның екі сыбайласының құқыққа қарсы әрекеті тоқтатылды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметі
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова