Алматыдағы кафелердің бірінде күзетшілер ер адамды аямай ұрып тастаған. Желіде оның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жағдай Алмалы ауданында болған. 40 жастағы ер адам ауыр жарақаттармен қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.
"Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында дәмхананың екі күзетшісінің кінәсі анықталды, жәбірленуші онда достарымен бірге болған. Күзетшілер келушілердің отырыс уақытын сәл ұзарту туралы өтінішіне соншалықты агрессивті түрде әрекет еткендігі белгілі болды. Оның үстіне мекеме қызметкерлері соққыға жығылған ер адамға араша болмақ болған адамдарға еш әрекет жасамаған. Екі күдікті де ұсталып, қамауға алынды", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ұлан Әбілқайыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!