Оқиға дәл жаңа жыл түні болған. Жазбада күйеуіне қатты ренжіген әйел аулаға шығып, "оның Ақ Kia K5" көлігінің есігін майыстырып, терезені сындырып, нөмірлерді жұлып алғаны жазылған., - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кейін бұл күйеуінің емес, көршісінің көлігі болып шыққан.
Ал көліктің иесі таңертең мұны көріп, полицияға арыз жазған. Алайда содан бері екі апта өткен, ал полициядан ешқандай хат-хабар жоқ көрінеді.
⠀
Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек Massaget.kz тілшісіне бұл іс бойынша тексеру жүріп жатқанын хабарлады.
"Медеу аудандық полиция басқармасының мәлімдеуінше, қазіргі таңда аталған дерек бойынша жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр, міндетті түрде объективті мән-жайы анықталып, тиісті шешім қабылданады", - деді Салтанат Әзірбек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!