- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда құтқарушылардың құрметіне...
Алматыда құтқарушылардың құрметіне мурал салынды
Алматыда Жетісу ауданындағы тұрғын үйлердің біріне құтқарушылардың құрметіне мурал салынды. Арт-нысан Айнабұлақ шағынауданындағы тоғызқабатты үйге салынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы ТЖД өкілдері мурал ретінде құтқарушылар жайдан-жай таңдалмағанын айтады. Олар өміріне қауіп төніп тұрса да адамдарды құтқаруға барын салады.
Еске салайық, 20 қарашада Астанадағы өрттен бірнеше адамды құтқарып, салдарынан өзінің денесі 80 пайызы күйік шалып, бірнеше күн ауруханада жатқан өртсөндіруші Асқар Забикулин қайтыс болған еді. Оны аман алып қалу үшін дәрігерлер бірнеше күн бойы күресті.
Енді Астанадағы көшелердің біріне өртсөндіруші Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина