Алматыда қыркүйектің ортасына қарай Құрманғазы көшесіндегі қозғалыс қайта ашылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС-не сілтеме жасап.
Бұған дейін Пушкин көшесінен Достық даңғылына дейін және Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейінгі Құрманғазы көшесіндегі шектеулер қыркүйектің ортасына дейін ұзартылды.
Мердігер ұйым темірбетон бұйымдары мен құбыр өнімдерін шығаратын зауыттардың жоғары жүктемесіне байланысты құрылыс материалдарын жеткізуге және құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімін ұзартуға әсер еткендіктен жөндеу жұмыстарын ұзартуға мәжбүр болған.
Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Мердігер ұйым учаскені абаттандыруға кірісті, бұл жұмыстарды ауа райының жағдайларын ескере отырып, қыркүйектің ортасына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Бұл аумақта ұзындығы 305 метр болатын жол бөлігінің астынан өтетін құбыр желісін қайта құру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген. Құбыр 1986 жылы пайдалануға берілген, ал соңғы 5 жылда онда 10-ға жуық ақау жойылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!