Алматыда №211 автобус бағыты күн сайын қатынайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала тұрғындарының өтініші бойынша №211 бағыты "Спорт сарайы" - "Алма-Арасан" арасында күн сайын қатынайды. Бұрын маршрут тек демалыс күндері жүретін.
Таулы жерге бейімделген жүріс және тежеу жүйесі бар 2 бірлік Yutong маркалы автобус күнделікті қатынайды.
Маршрутта жолақысын қолма-қол ақшасыз төлеу 100 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлесеңіз, 200 теңге. Бұрын жолақысы 300 теңге болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз