Алматының тұрғын үйлеріне жылу кезең кезеңімен беріле бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Гидрометеорологиялық қызметтің болжамына сәйкес, түнде сыртқы ауа температурасының + 2 градусқа дейін төмендеп, жауын-шашын түседі.
Мегаполисте 10 қазанда балабақшалар, мектептер мен ауруханалар жылуға біртіндеп қосылып, жылыту маусымы басталды. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев санаты бойынша нысандарды кезең-кезеңімен қосу үшін тиісті қаулыға қол қойды. Әлеуметтік нысандардан кейін алдағы демалыс күндері тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға жылу кезең-кезеңімен беріледі. Қазір жылу желілерінің айналымы (құбырларды жылыту) бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр.
Алматыда барлығы 214 мектеп, 190 балабақша, 128 аурухана және 8836 көппәтерлі тұрғын үй орталық жылытуға қосылады.
Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, қалалық желілер мен жылумен жабдықтау жүйелері 100% дайын. Осы жылдың жылуаралық кезеңінде Алматыда 17 км астам жылумен жабдықтау желілері, 120 км электрмен жабдықтау, 43 км сумен жабдықтау, 29 км газбен жабдықтау қайта жаңартылып, жөнделуде.
Айта кетейік, тұтынушыларды жылумен жабдықтау мына ретпен жүзеге асырылады:
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!