Алматыда күн күрт бұзылады

Алматыда жауын-шашынға байланысты арнайы техника кезекшілігі күшейтілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауа райы болжамы

  • Алматыда 8-10 желтоқсан аралығында қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсіп, жел күшейеді, ауа температурасы күрт төмендейді.
  • 10 желтоқсанға қараған түні қалада 6-9 сантиметр, ал таулы аймақта 15-20 сантиметр қар жаууы мүмкін.
  • Циклон өткеннен кейін, яғни 11 желтоқсаннан бастап жауын-шашын тоқтап, түнгі температура -13…-15°С-қа дейін төмендейді.

Қала әкімдігі не дейді?

Күн бұзылуына байланысты қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен.

"Өндірістік базаларда жүргізушілер, механизаторлар мен жұмысшылар тәулік бойы кезекшілікке қойылды", - деді қала әкімдігі өкілдері.

Тәулік бойы 1000-нан аса арнайы техника мен 2,7 мың жұмысшы жұмылдырылмақ. Барлығы 75 жедел бригада кезекшілік етеді.

Алматының Құтқару қызметінің 15 техникасы мен 50 қызметкері, ал Төтенше жағдайлар департаментінің 53 техникасы мен 244 маманы кезекші болуға дайын.

Азаматтарға кеңес

  • Жүргізушілерге көктайғақ кезінде дөңгелектерін қысқыға ауыстыруға, жылдамдықты төмендетуге, қашықтықты сақтауға және шұғыл бұрылмауға кеңес берілді.
  • Тәжірибесі аз жүргізушілер мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдаланғаны дұрыс.
  • Жаяу жүргіншілерге тайғақ тротуарда барынша сақ болып, биік ғимараттардың маңына жақындамау қажет, себебі шатырдан қар түсуі мүмкін.
  • Қала тұрғындарына жолдарын алдын ала жоспарлап, жылы киіну қажет.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!