• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматыда күн қашан жылиды?

Алматыда күн қашан жылиды?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет Алматыдағы 4-6 наурыз аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

4 наурыз – күн бұлтты, түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Батыстан соғатын жел жылдамдығы 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

5 наурыз – күн бұлтты, жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Батыстан соғатын жел жылдамдығы 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.

6 наурыз – бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел жылдамдығы 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget