Алматыда Құлжа тасжолының бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, Құлжа тасжолының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"24 шілде сағат 20:00-ден 27 шілде сағат 08:00-ге дейін Бұқтырма көшесінен қала шекарасына дейінгі аралықта жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары аясында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Көлік жүргізушілерінен уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды, жол белгілері мен жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!