Алматыда кран автобуспен соқтығысты: зардап шеккендер бар

Алматыда кран жолаушылар автобусымен соқтығысты. Бес жолаушы зардап шеккен, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Оқиға 16 маусымда сағат 17:00 шамасында болған.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшелерінің қиылысында болған.

"Алдын ала мәліметке сәйкес, жүргізуші Меңдіқұлов көшесіне қосалқы жолмен солтүстік бағытта әл-Фараби даңғылына қарай өздігінен жүретін кранмен келе жатып, даңғыл бойымен шығыс бағытта келе жатқан жолаушылар автобусына соқтығысқан", - дейді ПД өкілдері.

Бес жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.