Қалалық мерекелік концерт 30 тамызда Абай алаңында өтеді. Алматыда Конституция күнін мерекелеу аясында дөңгелек үстелдер, көрмелер, челлендждер, сынып сағаттары ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді:
- Бостандық ауданында Конституция күнін мерекелеу құрметіне 29 тамыз сағат 12:00-де Қазмемциркте ALMATY CIRCUS FESTIVAL II Халықаралық цирк өнері фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ХӘОТ үшін қайырымдылық қойылым қояды. ҚР Конституциясы күніне арналған концерт 30 тамыз сағат 15:00-де MEGA Alma-ata СОО-да өтеді.
- Алмалы ауданында ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт бүгін 28 тамыз сағат 19:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жанындағы "Неделка" субұрқағы жанындағы скверде өтеді.
- Медеу ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді.
- Алатау ауданында Конституция күніне орайластырылған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 16:00-де Атлетикалық ауыл аумағында өтеді.
- Әуезов ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 18:00-де Family саябағында өтеді.
- Түрксіб ауданында ҚР Конституциясы күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 18:00-де Сауранбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында өтеді.
- Жетісу ауданында танымал әншілер мен балалардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт 30 тамыз сағат 11:00-де "Гүлдер" саябағында (Құлагер ш/а., Серіков көшесі, 2А), сондай-ақ "Ата Заңым – айбыным!" шығармашылық фестивалі әл-Фараби скверінде өтеді.
- Наурызбай ауданында Конституция күніне арналған "Ата заңым айбыным" мерекелік концерті 30 тамыз сағат 11:00-де Амфитеатрда (Шұғыла шағын ауданы, 347) өтеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!