Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Куәгерлер қою қара түтіннің видеосын Tengrinews.kz-ке жолдаған. Олардың айтуынша, саябақ маңында бірнәрсе қатты жанып жатыр.
Алматы ТЖД мәліметінше, 2 сәуірде сағат 14:52-де өртсөндірушілер Медеу ауданындағы Гоголь көшесі, 1 мекен жайындағы өртті ауыздықтаған.
"Жалпы ауданы 30 шаршы метр болатын, фаст-фуд дайындайтын үш жер өртенді. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Алматы ТЖД
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда жатақханадан өрт шығып, студенттер ауруханаға түскені хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова