Алматының Алмалы ауданында қоймадан өрт шығып, жалын екі қабатты әкімшілік ғимаратқа тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өрт Жамбыл көшесінде орналасқан, екі қабат етіп орналастырылған 40 контейнерден тұратын қоймада шыққан.
Қоймада сақталған заттың көп болғаны, ішіндегі температураның жоғары болғаны және өрт ошағына жету қиын болғаны құтқарушылардың жұмысын күрделендірген.
Соған қарамастан, өртсөндірушілер жалынды оқшаулап, оның одан әрі таралуына жол бермеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz