Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, Жетісу көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"9 маусым сағат 07:00-ден 10 маусым сағат 07:00-ге дейін Мақатаев көшесінен №49 үйге дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толық жабылады", - деп жазылған хабарламада.
Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс дерегі көрсетілген тақта орнатылады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!