Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде болған төбелестің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода екі әйел көшеде кетіп бара жатқан әйелге жұрт көзінше күш қолданып, соққыға жыққаны көрінеді. Бұл видео полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалмаған.
Төбелес туралы хабарлама түскен бойда оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жедел жеткен. Ақпарат расталып, оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.
"Үш адамға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар заң талаптарына сәйкес сотқа жолданды", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова