14-18 қазан аралығында "Нелегал – 2024" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, мақсат – заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қатысты басқа да заңсыз әрекеттерді анықтау және жолын кесу.
"Іс-шараның алғашқы күні қаладағы бірнеше құрылыс нысандарында еңбек мигранттары анықталды. Бұл – алыс-жақын шетелдердің азаматтары. Бұл азаматтар көші-қон заңнамасын өрескел бұза отырып, елде болған. Аталған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды және сот шешімімен олар елден шығарылады. Іс-шара аясында полиция бөлімшелері жеке құрылыс нысандарын, базарларды, қоғамдық тамақтану орындарын, оқу орындарын, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін пайдалану ықтималдығы жоғары салынып жатқан ғимараттарды тексереді", – деді Алматы полиция департаменті көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Оспанов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз