Алматыда көпқабатты үйдің балконы өртенді: 12 адам құтқарылды

Фото: Видео кадры

Алматыдағы Ақбұлақ шағынауданында пәтер өртенді. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Куәгерлер түсірген видеода көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтердің балконы өртеніп жатқаны көрінеді. Кейінірек жалын бесінші қабатты шарпыған.

ТЖМ мәліметінше, Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде 4-қабаттағы пәтердің балконында өрт шыққан, жалын жоғарғы қабаттың балконын шарпыған.

"Тығыз отырғызылған ағаштарға, кіреберіс жолдар жоқтығына қарамастан өртсөндірушілер өртті сөндірді", - деп жазылған хабарламада.

ТЖД күшімен 12 адам, соның ішінде 1 бала құтқарылған. 1946 жылы туған кейуана уланып, ауруханаға жатқызылған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget