Алматыда көпқабатты үй өртенді: 26 адам құтқарылып, 40 тұрғын эвакуацияланды

Бүгін таңертең Алматының Әуезов ауданына қарасты Ақсай-1А ықшамауданында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы жексенбі, 20 қыркүйекте Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

"ТЖД құтқарушылары автосатының, құтқару қалпақтарының көмегімен және баспалдақ арқылы 26 адамды, оның ішінде екі баланы құтқарды. Тағы 40 адам эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Өрттің аумағы 20 шаршы метр болған. Тілсіз жау жарты сағат ішінде ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін жексенбіде ТЖМ түнде Астанадағы "Лазурный квартал" тұрғын үй кешенінде өрт шыққанын хабарлаған болатын. Өрт көппәтерлі үйдің 13-қабатындағы пәтер мен лоджиядан шыққан.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер екі адамды құтқарып, тағы бес адамды эвакуациялады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!