Танымал ресейлік әнші Филипп Киркоров Алматыда өткен концертте сахнаға неге жалаңбұт шыққанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің сөзінше, ол сахнада киім ауыстыру элементін қолдануы керек болған. Бұл тәсілді ол бұған дейін басқа концерттерінде де қолданған. Ол кезде бәрі дұрыс болған. Алайда Алматыдағы концертінде шоу сәтсіз аяқталған.
"Орталық Азиядағы күзгі турдың ең соңғысы Алматыдағы концерт болды... Финалдық концертте қандай да бір тосынсый дайындау дәстүрге айналған. Әріптестерім маған "сый" дайындаған. Менің командам нағыз бұзақы. Менің тәжірибем жетерлік болса да сахнада мені алдап кеткенде өзім қатты таңғалдым. (...) Бұл жолы мені сахнада шортысыз қалдырды. Әзіл екенін түсінемін. Бірақ ондай әзілді өз басым ұнатпаймын, не істерімді білмей қалдым. Бірақ Show must go on! Командамның бұл әрекетін ұмытпаймын. Оған лайық жауап та дайындап қоямын!", - дейді әнші.
Киркоровтың оқырмандары түрлі пікір жазды.
"Сізді жақсы танитын адамдар бұл әзіл екенін түсінеді ғой", "Мұны командаңыз сіз білмей істеуі мүмкін емес, ақталудың не қажеті бар?", "Концерт керемет өтті", - дейді әншінің оқырмандары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!