Алматыда Конституция күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Алматыда Конституция күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Алматыда Конституция күніне орай бірқатар іс-шара жоспарланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мерекелік концерт 30 тамызда Абай алаңында өтеді. Қалада Конституция күнін мерекелеу аясында дөңгелек үстелдер, көрмелер, челлендждер, сынып сағаттары ұйымдастырылады.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді:

  • Бостандық ауданында 29 тамызда сағат 12:00-де Қазмемциркте ALMATY CIRCUS FESTIVAL II Халықаралық цирк өнері фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қайырымдылық қойылым қояды. ҚР Конституциясы күніне арналған концерт 30 тамызда сағат 15:00-де MEGA Alma-ata СОО-да өтеді.
  • Медеу ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді.
  • Алатау ауданында Конституция күніне орай мерекелік концерт 29 тамызда сағат 16:00-де Атлетикалық ауыл аумағында өтеді.
  • Әуезов ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 18:00-де Family саябағында өтеді.
  • Түрксіб ауданында ҚР Конституциясы күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 18:00-де Сауранбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында өтеді.
  • Жетісу ауданында танымал әншілер мен балалардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт 30 тамызда сағат 11:00-де "Гүлдер" саябағында (Құлагер ш/а., Серіков көшесі, 2А), сондай-ақ, "Ата Заңым – айбыным!" шығармашылық фестивалі әл-Фараби скверінде өтеді.
  • Наурызбай ауданында Конституция күніне арналған "Ата заңым айбыным" мерекелік концерті 30 тамызда сағат 11:00-де Амфитеатрда (Шұғыла шағын ауданы, 347) өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Конституция күніне орай қандай іс-шаралар өтетіні хабарланды. 

2024 жылы қазақстандықтар Конституция күніне қанша күн демалады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова