Алматыда коммуналды қызмет бағасы күрт өсті ме? Досаев жауап берді

Алматыда коммуналды қызмет бағасы күрт өсті ме? Досаев жауап берді
Фото: depositphotos.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев суық су тарифі үш есе өсуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы әкімімен кездесу барысында Жетісу ауданы Хожамьяров көшесінің тұрғыны зейнетақысы 90 мың теңге екенін, алайда қаңтарда су тарифі үш есе өскенін айтты. Бұрын ай сайын 2600 теңге төлесе, қазір 9 мың теңгеден аса шот келген.

Ерболат Досаев су тарифі күрт көтерілмегенін мәлімдеді.

"Біз тұтыну көлеміне қарай сараладық. Шоттар реттеледі, адам басына қанша қажет екенін есептедік, тұтыну нормаларын өзгерттік, соның нәтижесінде өзгерістер болды. Алматыда тұрғындар суды үнемдеп пайдалануға мұқият қарағанын қалаймыз. ...Су - біздің басты байлығымыз... Біз қосымша мүмкіндіктерді, су орындарын іздеумен айналысып жатырмыз", - деді әкім.

Досаевтың айтуынша, қалада су қоры бар, бірақ оны үнемдеу қажет. Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға өтемақы қарастырылғанын айтып, зейнеткерге қалалық жұмыспен қамту басқармасына көмек алу үшін жүгінуге кеңес берді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова