- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда коммуналды қызмет...
Алматыда коммуналды қызмет бағасы қаншалық қымбаттаған?
Алматы тұрғындары коммуналды төлем бағасы өскенін айтқан еді. Ал жауапты орган өкілдері тариф бағасына қатысты өзгерісті жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Бөденееваның сөзінше, 2024 жылы былтырға қарағанда коммуналдық қызметтер тарифі орташа есеппен 6 пайызға, халық үшін шамамен 9 пайызға өскен.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тарифтер:
- сумен жабдықтау бойынша ("Алматы Су" ШЖҚ МКК) 50,42 теңге/м3 ҚҚС-сыз (2,2 пайыз);
- су бұру бойынша ("Алматы Су" ШЖҚ МКК) 29,23 теңге/м3 ҚҚС-сыз (10 пайыз);
- жылумен жабдықтау бойынша ("Алматы жылу жүйесі" ЖШС) 7 194,77 теңге/ҚҚС-сыз Гкал (15 пайыз);
- электр энергиясын беру бойынша ("Алатау Жарық Компаниясы" ШЖҚ МКК): ҚҚС-сыз 8,87 теңге/кВтсағ (6,7 пайыз).
Департамент басшысының айтуынша, биыл 1 наурыздан бастап бірыңғай сатып алушы моделі енгізілуіне және орташа айлық жалақы өзгеруіне байланысты электр энергиясына бағасы да өзгереді.
Мәселен, орташа еңбек тарифі ҚҚС-сыз 28,00 теңге/кВтсағ болады,
- халық үшін тариф ҚҚС-сыз 25,55 (+10%) теңге/кВтсағ,
- заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз 29,73 (+11%) теңге/кВтсағ,
- бюджеттік ұйымдар үшін ҚҚС-сыз 32,73 (-10%) теңге/кВтсағ,
- ӘМАТ (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары) өндірушілері үшін ҚҚС-сыз 28 теңге/кВтсағ.
Жеке шот бойынша орташа 208 кВт/сағ тұтыну кезінде халық үшін орташа чек 506 теңгеге өскен.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар коммуналды төлем бағасы өскеніне наразылық танытқаны хабарланды.
Сонымен қатар, электр энергиясына коммуналдық төлем үшін қосымша көмекті кімдер ала алатыны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова