Алматыда ірі көлемде айыппұлы бар борышкер анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда 2 миллион теңге көлеміндегі айыппұлын төлемеген жол ережесін өрескел бұзушы ұсталды. Мәселе мамандандырылған батальон мен жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері ұстаған Toyota Alphard көлігінің иесі туралы болып отыр. Бұл құқық бұзушылықтар қаланың бейнежүйелері арқылы тіркелген. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.
Алматы полициясының мәліметінше, жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көлік құралдарына арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан, көлікті мас күйінде басқарған және төленбеген айыппұлдары бар көлік жүргізушілерін анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз