- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда қолына қару...
Алматыда қолына қару ұстап жүрген ер адам 15 тәулікке қамалды
Алматының орталығында қолына қару алып жүрген ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Сот қаулысымен А. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А.-ға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) материалды зерттеді.
"Сот 2024 жылғы 26 наурызда L кафесінің маңынан өтіп бара жатқан адамдар А.-ның мылтық ұстап жүргенін байқаған. Ер адам мылтықты алып тастау туралы ескертуге назар аудармай, балағат сөз айтып, осылайша басқаларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзды. Сотта А. өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі өкілдері.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек