Алматыда сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша бұрынғы колония басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақпаратқа сәйкес құқық қорғау органдарының қызметкерлері әділет полковнигі Әкімбай Бекзат Балтабайұлын сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қызметтік кабинетінде ұстаған.
"Ол Алматы бойынша ҚАЖД-ның №13 ең төменгі қауіпсіздік мекемесінің басшысы қызметін атқарды", – деп жазылған хабарламада.
Tengrinews.kz тілшісіне ІІМ ҚАЖК берген мәлімет бойынша ол ұсталған сәтте ішкі істер органдарының қызметкері болмаған.
"Оған қатысты құзырлы органдар соталды тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу жүргізіп жатқан органдарға жан-жақты көмектеседі", - деп мәлімдеді ҚАЖК өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова