Алматыда Бөгенбай батыр мен Бегалин көшелері қиылысында ағаш құлады. Оқиға салдарынан көлікке зақым келіп, сымдар үзілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрларға қарағанда, тұрақта тұрған Lexus GS 300 көлігіне зақым келген. Әзірге басқа мәлімет, соның ішінде зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, мұндай жағдайда бірінші әрі ең басты міндет - оқиға орнын суретке, видеоға түсіріп алу. Құлаған ағашты, көлік зақымданғанын және айналадағы жағдайды көрсететін сурет, видео түсіріп алыңыз.
Материалдарда оқиғаның күні мен уақыты көрсетілгені абзал. Полиция келгенше көлікті орнынан қозғалтпаңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға сызбасын жасап, арызды қабылдайды және талон береді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова