Алматыда асфальт жабынының шөгуін жою жұмыстары жүргізіліп жатқанда Манас көшесінің бойындағы учаскелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы жылу жүйесі" ЖШС мәліметінше, 2024 жылғы 7 тамызда сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Алматының Алмалы ауданында Манас көшесі бойымен Абай даңғылынан Шевченко көшесіне қарай көліктердің қозғалысы қиындайды.
Манас көшесінің тас жолының ортасында асфальт жабынын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Уақытша шектеулер жоғарыда аталған көшенің көлік жолы бөлігінің астынан өтетін жылумен жабдықтау желілерінде асфальт жабынының анықталған шөгуін жою үшін енгізіліп жатыр.
"Ғафу өтінеміз және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - делінген "Алматы жылу жүйесі" ЖШС таратқан хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!