Алматыда бірнеше алаяқтыққа қатысы бар ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, 32 жастағы алматылық алдаудың түрлі айла-шарғысын ойлап тапқан.
"Ол кейбіреулеріне жүргізуші куәлігін ауыстыруды немесе алып беруді, ал басқаларына шетелдік көліктерді қайта тіркеуді ұсынды. Жедел шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды. Тергеу барысында тағы бір алдау дерегі анықталды. Ер адам заңдастырамын деп сылтауратып, өзінің сүйіктісінен Грузиядан әкелінген көлікті алып, сатып жіберген", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.
Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!