- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда көлік ұрлап...
Алматыда көлік ұрлап әкеткен адамның оқиғасы: полиция толық видео жариялады
Алматыда көлік ұрлаған адам полицейлердің көз алдында өзін пышақтады. Оқиғаның толық видеосы шықты,- деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті жол-көлік оқиғасы болған жерден жасырынғысы келген. Көлік иесі ер адамның іс-әрекетін видеоға түсірген.
Қаскүнем жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, жол бойында басқа азаматтың көлігіне отырып, тоқтамауын бұйырып, оны кеңсе пышағымен қорқытқан.
Бұл уақытта полиция қызметкерлері оқиға орнына жетіп, ер адамды ұстады. Ұстау кезінде ол өзін-өзі жарақаттаған.
Қазір ер адам медициналық мекемеде. Оның жанына күзет қойылды. ҚР Қылмыстық кодекстің 200-бабы "Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін полиция қызметкерлері "Ақсай" ықшамауданында ер адам көлік ұрлап, жол апатына ұшырағанын хабарлаған болатын. Оны ұстамақ болған кезде күдікті өзіне пышақ сұғып алған. Дәрігерлер күдіктінің жағдайын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек