Алматыда көлік салонынан адамның денесі табылды

Бүгін таңертең Алматыда жеке мектептердің бірінің маңындағы көлік салонынан мәйіт табылды. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі ақпаратты растады.

"Зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылуына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша өлімнің себебі жүрек жеткіліксіздігі болды", - деді полиция.

Полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!