Алматыда көлік көпірдің тірегіне соғылып, аударылып кетті

Алматыдағы Алатау ауданында жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Екі көлік те Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта жүріп келе жатқан. Volkswagen көлігінің жүргізушісі басып озбақ болған кезде Toyota көлігімен соқтығысқан. Ол көпірдің тірегіне соғылған, кейін жолдан шығып кетіп, аударылған.

Toyota көлігінде жүргізуші мен бес жолаушы болған. Олар медициналық тексеруден өту үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!