Алматыда көлік көп жүретін көшелердің бірі уақытша жабылады

Алматыда Сәтбаев көшесінің бір аумағы жөндеу жұмыстарына байланысты біраз уақытқа жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сәтбаев көшесінің учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 14 тамыз сағат 08.00-ден 15 тамыз сағат 20.00-ге дейін Достық даңғылынан Луганский көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Шығыс бағытта Құрманғазы көшесімен, батыс бағытта Интегральная және Инженерная көшелерімен айналып өтуге болады.

"Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз