Алматыда көлік жүргізуге болмайтын мыңнан аса жүргізуші анықталды

Алматыда көлік жүргізуге болмайтын мыңнан аса жүргізуші анықталды
Фото: depositphotos.com

Алматыда медициналық қарсы көрсетілімі бар мыңнан аса жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түрксіб ауданының прокуратурасы 1194 жүргізушіні анықтаған, олар медициналық қарсы көрсетілімге қарамастан көлік жүргізген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Алматы қаласының Полиция департаменті олардың жүргізуші куәлігін қолдануын тоқтату жөнінде жұмыс жүргізіп жатыр.

"Бүгінде Алматы қаласының соттары 381 талап-арызды қанағаттандырды, қалған материалдар бойынша жұмыс жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget