Алматыда көлік жуатын орындар бақылауға алынды

Алматыда көлік жуатын орындар бақылауға алынды
Фото: depositphotos.com

Алматыда көлік жуатын орындарда суды қайтара пайдалану жүйесі енгізіле бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазір 162 нысанда осындай жүйе орнатылған, оның 33-і жыл басында енгізілген. Көлік жуатын жерлер деректі автоматты түрде жіберетін су есептегіш құралмен жабдықталған.

1 мамырда талапқа сәйкес келмеген 146 орынның жұмысы тоқтатылған.

"Көлік жуатын орындардағы суды қайтара қолданатын тәсіл қалалық жүйеге түсетін жүктемені айтарлықтай азайтады. Сондықтан бұл бағыттағы бақылау жалғасады", - деді ӨКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбай.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget