Алматыда көлік аялдамаға соқтығысты. Салдарынан 7 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Хабарламада көлік адамдар тұрған аялдамаға соғылғаны айтылған.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, зардап шеккен 5 адам Алматының жедел жәрдем ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілген. 3 науқас амбулаториялық емделуге жіберілген. Сол жақ тобығы сынған науқас және сол жақ жіліншік кондилі сынып, миы шайқалған екінші науқас травматология бөліміне жатқызылды.
ЖКО-да 2 жасөспірім зардап шегіп, олар Алматының балалар жедел жәрдем орталығына жіберілген.
"Жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша екі бала да нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды. 15 жастағы балаға ми жарақаты, мидың шайқалуы, жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозы қойылды. 16 жастағы екінші балада біріктірілген жарақат, ми жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ жіліншіктің ортаңғы үштен бірінің жабық сынуы анықталды", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз