Алматыда қоқыс тасымалдайтын көлік аударылып кетті

Фото: Видео кадры

Алматыда Сайын көшесінде қоқыс тасымалдайтын көлік аударылып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Сайын мен Райымбек көшелерінің қиылысынан сәл төменірек жерде болған. Апат салдарынан жолдың бұл бөлігінде кептеліс болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty News (@almatynews_kaz)

Полицейлердің мәліметінше, жол апаты салдарынан екі адам - ​​жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті.

"Жол апаты бүгін сағат 10:50-де Алатау ауданында болған. Iveco көлігінің жүргізушісі Сайын көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмай, темір қоршауға соғылып, салдарынан аударылып қалды. Оқиға салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы зардап шекті, олар медициналық көмекке жүгінді", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Алатау аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері оқыс оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Айта кетейік, бүгін Алматыда таңертеңнен бері жаңбыр жауып тұр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек